Бокстан ӘЧ-2023: "Қазақтың Ломаченкосы" ганалық қарсыласын сан соқтырды

Сурет: sports.kz
Ташкентте (Өзбекстан) бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатында жерлесіміз Махмұд Сабырхан ширек финалда Гана боксшысы Мұхаммед Амадумен жұдырық түйістірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/4 финалда өнер көрсеткен Сабырхан ганалық қарсыласын сан соқтырып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Махмуд Сабырхан Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, Ол кем дегенде қола медальдан үмітті. Сабырхан Азия чемпионы, сондай-ақ 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып табылады. Әйгілі украин боксшысы Василий Ломаченкоға ұқсас стилі үшін оған "Қазақтың Ломаченкосы" деген лақап ат берілген.


Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі