Бокстан ӘЧ-2023: Үш жерлесіміз финалға жолдама алды

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Ташкентте бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатының күндізгі сессиясында үш жерлесіміз сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды. Санжар Ташкенбай мен Махмұд Сабырханға Дулат Бекбауов та келіп қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Дулат Бекбауов грузин боксшысы Лаша Гурулиді 5:0 есебімен жеңіп, дебюттік Әлем чемпионатында ақтық бәсекеге жолдама алды.

2023 жылғы Әлем чемпионы атағы үшін Бекбауов 14 мамырда Өзбекстан боксшысы Асадхужа Муйдинхужаевпен күш сынасады.

Дулаттан бөлек, Әлем чемпионаты финалына ертерек жолдама алған Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін) мен Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) да басты жүлдені сарапқа салады.

12 мамырда 2023 жылғы Әлем чемпионатының кешкі сессиясында жартылай финалда тағы екі жерлесіміз - Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) пен Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) өнер көрсетеді.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады