Хоккейден ӘЧ-2023: Бүгін Норвегия-Қазақстан құрамалары кездеседі

Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы
Қазақстан мен АҚШ құрамалары Әлем чемпионатындағы ең жас командалар болып саналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық хоккейшілердің орташа жасы 24.72-ні құраса, американдықтардың орташа жасы 24.71-ді қамтиды. Айырмашылық - тек 0.01 жас, деп жазады Shaiba.kz.

Әлем чемпионатындағы жасы жағынан үлкен команда - Словения құрамасы (29.88).

Айта кетсек, биыл Қазақстан құрамасы сыртқы ойыншылардан толықтай бас тартты. Ұлттық команданың құрамын тек жергілікті клубтан шыққандар құрады. 

Әлем чемпионаты Тампера мен Ригада өтіп жатыр. Топтық кезеңде Қазақстан Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Латвия және Словениямен ойнайды.

Норвегия-Қазақстан матчы бүгін, 13 мамырда болады. Тікелей эфирді "Qazsport" телеарнасы ұйымдастырады. Басталуы - Астана уақыты бойынша сағат 19:20-да.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді