Хоккейден ӘЧ-2023: Қазақстан құрамасы сенсация жасап, Словакияны жеңіп кетті

Сурет: Instagram.com/kazakhstanhockey
Хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Біздің спортшылар Словакияны буллит бойынша 4-3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бесінші матчта Қазақстан Словакия құрамасымен кездесті. Есепті қарсылас команда бірінші кезеңнің соңына 5 минут қалғанда ашты. Екінші ойынның басында есепті теңестіруге мүмкіндік туды, Роман Старченко словактардың қақпасына гол соқты.

Қарсылас команда хоккейшілері айып алаңына шыға бастады, осы тұсты біздікілер ұтымды пайдалана білді: алдымен Валерий Орехов Словакияның бесінші нөмірлі ойыншысы айдыннан кеткеннен кейін 5 секундтан соң өз командасын алға шығарды, содан кейін Евгений Рымарев ұпайды еселей түсті. Бірақ үшінші таймда словактар біздің қақпаға екі шайба соғып, есепті теңестіре алды.

Қазақстан құрамасынан Роман Старченко (22-минут), Валерий Орехов (25-ші), Евгений Рымарев (26-шы), ерекше көзге түсе білді, буллиттер сериясында да қазақстандықтар төрт рет шайба соқты. Словактардан Патрик Кох (15-ші), Ричард Павлик (49-шы) және Павол Регенда (57-ші) нәтижелі соққыларымен ерекшеленді.


Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық хоккейшілер буллит бойынша Норвегия құрамасын 4:3 есебімен жеңіп, Чехиядан (1:5), Швейцариядан (0:5) және Канададан (1:5) жеңілісіп қалған еді. 

Сонымен бес матч өткізген Қазақстан құрамасында төрт ұпай бар, ал командамыз В тобының турнир кестесінде алтыншы орында тұр.

Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттерінің келесі матчты 20 мамырда Латвия құрамасына қарсы өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 23:20-да басталады, оны "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды