Әлем Кубогында Қазақстан сұрмергендері тағы бір медаль еншіледі

Сурет: Instagram/drs_kz
Қазақстан сұрмергендері Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Алматыда өтіп жатқан стенд атудан Әлем Кубогының күміс жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 мамырда аралас жұптар арасындағы "скит" бөлімінің финалында біздің спортшылар тек Италияның екінші командасына жол беріп, екінші болды. Әлем Кубогының иегері болып олимпиада ойындарының чемпионы әрі күміс жүлдегері болып табылатын Таммаро Кассандро мен Чиара Кайнеро атанды.


Сурет: Instagram/drs_kz


Қола медаль Италияның бірінші командасына бұйырды. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбының бұл жүлдесі халықаралық жарыстардағы алғашқы марапаттары емес, олар бұрын Хорватияда өткен әлем біріншілігінде "миксте" қола медаль иеленген болатын.


Сурет: Instagram/drs_kz


Ал Әсем Орынбай үшін бұл медаль Алматыда өткен Әлем Кубогының екінші жүлдесі. Бір күн бұрын ол финалда Үндістан өкілі Ганемат Сехоннан озып," скит " жаттығуында алтын медаль еншілеген болатын.

Стенд атудан Әлем Кубогының алматылық кезеңі 29 мамырда аяқталады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде