Қазақша күрестен 2023 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы І-орын иеленді

Сурет: Instagram/qazaqkuresi.kz
Өзбекстанның Жизақ қаласында қазақша күрестен 2023 жылғы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жалпыкомандалық есепте қазақстандық палуандар құрлықта ең мықты екендерін тағы бір мәрте дәлдеп, бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар 8 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Екінші орында – Азия чемпионатының қожайыны - Өзбекстан командасы (7-4-4), үшінші орында – Тәжікстан құрамасы (1-5-1).


Сурет: Instagram/qazaqkuresi.kz


Жеңіс тұғырының жоғарғы баспалдағында Ернұр Сүлеймен (60 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Марат Байқұмаров (100 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг) төбе көрсетті



Сурет: Instagram/qazaqkuresi.kz


Дәулет Ниетбайдың активінде - күміс медаль (55 кг), ал қола жүлдеге Асылжан Ғайсайев (66 кг) және Айдын Дартаев (82 кг) ие болды.

Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Аружан Адасхан (52 кг), Рауза Нұрмұхамбетова (56 кг), Роза Нысантайқызы (70 кг) және Альбина Бахиева (+77 кг) алтын медальдармен марапатталды. Күміс медальға Айана Зейноллақызы (48 кг) мен Зарина Шарипова (65 кг) ие болды. Гүлім Елубай (60 кг) және Аяла Мереке (77 кг) үшінші орынды қанағат тұтты.


Сурет: Instagram/qazaqkuresi.kz


Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан