Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатында алғаш рет жүлдегер атанды

Сурет: Instagram/drs_kz
Сингапурда өтіп жатқан көркем гимнастикадан 10-Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды. Бұл біздің Ұлттық құраманың сары құрлық чемпионатындағы осы уақытқа дейінгі алғашқы жүлдесі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы командалық есепте алтын медаль Қытай гимнастшыларына бұйырса, күміс жүлдені Жапония құрамасының өкілдері иеленді. Бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесі, деп мәлімдеді Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үшінші орын қазақстандық гимнастшыларға күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алуға жол ашты.

Сурет: Instagram/drs_kz

Жүлде алған команда сапында Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров пен Ілияс Азизов бар.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды