WTA-250 турнирінің жартылай финалына жеткен әлемнің ең үздік теннисшісі ойынын кілт доғарды

Сурет: Twitter/iga_swiatek
Әлемнің ең үздік теннисшісі Ига Швентек Бад-Хомбургте (Германия) өтіп жатқан WTA-250 санатындағы жасыл желек үстіндегі турнирдің ортаң беліне келгенде жарысты жалғастырудан бас тартты. Оның себебін поляк спортшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Германиядағы турнирде спортшы жартылай финалға жетіп, енді финалға өту үшін ол итальяндық Лючия Бронцеттимен ойнауы керек еді.

"Айыпқа бұйырмаңыздар, бірақ бүгін мен матчтан бас тартуға мәжбүрмін. Дене қызуым көтеріліп, түні бойы мазасызданып шықтым. Тамақтан ұшынған секілдімін. Сондықтан бүгін өнер көрсете алмаймын, өзіме, денсаулығыма қарауым керек болып тұр. Тез сауығып кетемін деп үміттенемін. Бад-Хомбургтегі қолдауларыңыз керемет болды, баршаңызға рақмет", - деп жазды Швентек.


Ига Швентек - 3 шілде, дүйсенбіде басталатын "Уимблдонда" алғашқылардың бірі болып өнер көрсетеді. 30 маусымда турнирдің ерлер мен әйелдер арасындағы барлық ойын жұптары анықталды.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды