"Барселона" футбол командасы сапына жаңа ойыншы қосылды

Сурет: Instagram/fcbarcelona
"Барселона" "Атлетик Бильбао" сапындағы қорғаушы Иньиго Мартинестің өз командасына ауысатынын мәлімдеді. Ойыншымен 2025 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойылғаны белгілі болды. Кенеттен басқа клубқа ауысқан жағдайда ол 400 млн евро төлеуі керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сома 32 жастағы футболшының келісімшартында көрсетілген. Мартинес "Атлетик Бильбаомен" арадағы келісімшарты аяқталғаннан кейін бір апта бойы үнсіз болды. Енді, міне еш ойланбастан ол каталондықтардың көк-қызғылт жейдесіне ие болды. 

Кәсіби футболшы Иньиго Мартинес өз мансабын "Реал Сосьедад" командасынан бастады. Испания чемпионатында ол 350-ден астам ойын өткізіп, 22 гол соққан.

Соңғы бес маусымда Мартинес Бильбао командасы сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда қорғаушы Ла Лигада 18 матч өткізіп, бір гол және екі нәтижелі паспен көзе түсе білді. 

Соңғы 10 жылда Мартинес Испания құрамасының ойыншысы болып 20 матч өткізді.

Бұған дейін ПСЖ Кристоф Галтиермен келісімшартты ресми түрде бұзғаны белгілі болды.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін