Қазақстандық семсерлесушілер Алжирдегі әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

Қазақстандық семсерлесушілер Алжирдегі әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 23:20 Сурет: olympic.kz
15-18 қазан аралығында Оран қаласында (Алжир) семсерлесуден әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық жарыста Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды.

Ерлер арасындағы сабля бәсекесінде Артур Чупраков, Қуаныш Ерғашбай, Артем Саркисян және Назарбай Саттархан бақ сынайды.

Ал әйелдер арасында Карина Доспай, Анастасия Гулик және Әйгерім Сарыбай өнер көрсетеді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар жекелей және командалық сайыстарда жүлдеге таласады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: