Қазақстандық шпагашылар Ташкентте өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады
Сурет: olympic.kz
3-6 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден (шпага) әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан ерлер құрамасы жекелей және командалық жарыстарда бақ сынайды.
Жекелей сынға қатысатын ұлттық құрама сапына 12 спортшы кірді. Олар: Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Нұржан Әбжанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Богдан Лукин, Ғабидин Мұстафин, Кирилл Павлов және Георгий Тинников.
Ал командалық жарыста Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғайды.
Айта кетейік, әлем кубогының бұған дейінгі кезеңі Швейцарияның Берн қаласында өткен болатын. Сол жарыста Вадим Шарлаимов жекелей сында қола медаль иеленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript