Қазақстандық алты биатлоншы Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады
Сурет: olympic.kz
Осло қаласында биатлоннан Әлем кубогының маусымдағы соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады. Ел намысын алты биатлоншы қорғайды:
- Владислав Киреев;
- Әсет Дүйсенов;
- Александр Мухин;
- Милана Генева;
- Айша Рақышева;
- Лаура Киныбаева.
Ослодағы кезең 19-22 наурыз аралығында өтеді. Алғашқы жарыс – әйелдер спринті. Ол Астана уақытымен 20:15-те басталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript