Бүгін Александр Бубликтің кіммен кездесетіні және ойын уақыты белгілі болды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 26-шы орын) бүгін, 9 шілдеде Уимблдонның 1/8 финалында ресейлік Андрей Рублевпен (7-ші орын) кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sport.kz мәліметінше, Бублик пен Рублевтің матчы тікелей эфирден Астана уақытымен сағат 18.30-да көрсетіледі.

Бұдан бұрын турнир барысында Александр Бублик америкалық Маккензи Макдональдты (54-ші) – 6:7, 6:4, 6:4, 6:4, тағы бір америкалық теннисші Джеффри Вулфты (48-ші) – 6:3, 7:6, 6:0, сондай ақ неміс ойыншысы Максимилиан Мартерерді (170-ші) – 6:4, 6:1, 7:6 есебімен ұтқан болатын.

Бублик ATP рейтингісінде жекелей сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі болып табылады.

Айта кетсек, алдында Александр Бубликтің Уимблдондағы жұптық сында өз еркімен ойыннан шеттегені хабарланған болатын.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі