Қазақстандық Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

Сурет: Instagram/drs_kz
Қазақстандық спортшы Никита Чирюкин алтын медаль жеңіп алып, жасөспірімдер арасында нысана көздеуден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, нысана көздеуден Ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында жеңіске жетті.
Отандасымыз кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден оқ атуда қарсылас шақ келтірген жоқ.

Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге ие болса, үздік үштікті жарыс қожайыны Сук Джин Хонг түйіндеді.

Қазір Қазақстан құрамасы бір алтын медальмен жалпы есепте 8-орынға көтерілді.

Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін