Қазақстан Өзбекстанмен бірге әлем чемпионатын өткізуге өтініш бермек

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстан мен Өзбекстан 2034 жылға жоспарланған футболдан әлем чемпионатын бірлесіп өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәлімдеме Қырғызстанда екі федерация өкілдері қатысқан Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары басшыларының саммиті барысында айтылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары турнирді бірге өткізу идеясының бастамашысы ҚФФ (Қазақстан футбол федерациясы) басшысы Әділет Барменқұлов болғанын жазып жатыр.

Кейінгі жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынастар, оның ішінде екі елдің ұлттық құрамалары мен клубтары арасында жолдастық кездесулер ұйымдастыру арқылы айтарлықтай нығая түскені айтылады.

2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге басқа елдер, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Қытай да үміткер. Турнирді өткізу кімге сеніп тапсырылатыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды