Бублик АҚШ-тағы турнирдің жұптық сайысын сәтті бастады

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нидерланд өкілі Таллон Грикспормен бірге Вашингтонда (АҚШ) өткен турнирде жұптық сайыстағы ойынын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Бублик пен Грикспор америкалық Маркос Жирон және филиппиндік Трет Хьюимен кездесіп, үш сетте – 5:7, 7:6 (10:8), 10:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Александр Бублик серіктесімен бірге іріктеудің финалына шықты, онда ол турнирдің негізгі жеребесіне жолдама алу үшін үндістандық Анируд Чандрасехар және Виджай Сундар Прашантпен күш сынасады.

Александр Бублик қазіргі уақытта жекелей сында Қазақстанның ең үздік теннисшісі - ATP рейтингінде ол 26-орында тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы