Алдында 16 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан атынан өнер көрсетуге ниетті екені хабарланған.
Р-Спорт дерек көзінің хабарлауынша, бұл туралы Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясына өтініш келіп түскен, бірақ өз кезегінде олар спортшыға рұқсат бермеген.
Аталған мәселеге қатысты "Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы" РҚБ пікір білдірді.
"Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы" РҚБ мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкинадан ҚР құрамасы атынан өнер көрсетуді сұрамағанын атап өтеміз. Спортшы азаматтығын өз бетімен ауыстырды. Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысады", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, құзырлы мекеме егер азаматтық беріліп жатқан жағдайда жеке тұлғаның тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар екенін және ұлттық құраманың сапында өнер көрсету үшін өтінім беруге құқылы екенін атап өтті.
"Алайда, одақ бұл мәселені қазіргі уақытта қарастырып жатқан жоқ", – дейді одақтың баспасөз қызметі.