Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, 18 жастағы қазақстандық теннисші рейтингтегі 1056-орыннан 958-орынға көтерілді.
Сондай-ақ, әйелдер арасындағы жекелей рейтингте Жібек Құламбаева 438-орыннан 436-орынға көтерілді.
Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі төртінші орнын сақтап қалды.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 18 позиция жоғалтып, 61-орыннан 79-ға түсті.