Қазақстан спортшылары жыл басынан бері 586 медаль жеңіп алған

2023 жылдың басынан Қазақстан спортшылары ресми халықаралық турнирлерден 586 медаль әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде Олимпиадалық спорт түрлері бойынша 373 жүлде бар. ге қол жеткізді. Атап айтқанда, спортшыларымыз ел қоржынына 121 алтын, 111 күміс және 141 қола медаль салды.

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен 118 медаль түсті. Оның 53-і алтын, 38-і күміс, 27 –сі қола медаль. 95 жүлдені отандық параспортшылар жеңіп алды. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша біздің құраманың қоржыны 33 алтын, 33 күміс және 27 қола медальмен толықты.


"Біздің спортшылар ел аумағында және шетелде өтетін халықаралық жарыстарда еліміздің атынан лайық өнер көрсетіп келеді. Осы ретте бокстан құрама команданың Ташкентте өткен әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық 2-орынға ие болғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар Италияда өткен әлем чемпионатында семсерлесуші Руслан Құрбанов Қазақстан тарихында бірінші болып қола медаль иеленді. Каратэден Азия чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынды, мергендеріміздің рейтингтік әлем кубогының медальдық есебіндегі бірінші орнын үлкен мақтанышпен атап өтуге болады",- деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: