Алькарас пен Джокович Цинциннатидегі турнирдің де финалында ойнайды

Сурет: globallookpress.com
АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан ATP және WTA 1000 сериясындағы турнирлердің финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы финалдық матчта әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық теннисші Карлос Алькарас ойнайды. Оның қарсыласы - әлемнің екінші ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович.

Алькарас жартылай финалдық матчын польшалық теннисші Хуберт Хуркачқа қарсы өткізді. Ол бірінші сетте 2:6 есебімен ұтылғанымен, кейінгі екі сетте 7:6(4), 6:3 есебімен жеңді.

Ал Новак Джокович германиялық теннисші Александр Зверевпен ойнап, 7:6(5), 7:5 есебімен екі сетте жеңіске жетіп, финалға өтті.

Енді әлемнің бірінші және ракеткалары Цинциннатидегі турнирдің финалында Астана уақытымен ертең, шамамен сағат 02:30-да ойнайды.

Ал әйелдер арасында турнирдің финалында әлемнің жетінші ракеткасы, АҚШ өкілі Кори Гауфф пен әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Каролина Мухова ойнайды. 

Кори Гауфф жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті 7:6(2), 3:6, 6:4 есебімен жеңіп кетті.

Ал Каролина Мухова әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісінен тағы да басым түсті. Бұл матч та үш сетке созылды. Мухова Соболенконы 6:7(4), 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Каролина Мухова мен Кори Гауффтың финалдық матчы Астана уақытымен бүгін, 20 тамызда сағат 23:30-да басталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады