Олимпиада-2028: Бокстан жолдама үшін таласты бәсеке қай елде өтеді

Бокс, Олимпиада-2028, жолдама, Қазақстан, іріктеу жарыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 17:59 Сурет: Instagram/officialworldboxing
Шотландияның Глазго қаласында өткен World Boxing Атқару комитетінің отырысында 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беретін бокс турнирлерін қабылдайтын елдер бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қабылданған шешімге сәйкес, 2027 жылы құрлықтық іріктеу жарыстары мына мемлекеттерде өтеді:

  • Америка – АҚШ;
  • Азия – Қытай;
  • Еуропа – Еуропа ойындары (Ыстамбұл, Түркия);
  • Мұхит аралдары өңірі – Самоа;
  • Африка – Нигерия.

Сондай-ақ 2028 жылы өтетін екі әлемдік іріктеу турнирін қабылдайтын елдер де белгілі болды. Алғашқы жарыс Италияда, ал екіншісі Венгрияда ұйымдастырылады.

Жарыстардың нақты күндері мен ұйымдастыруға қатысты өзге де мәліметтер кейінірек жарияланады.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі алғашқы дода 2027 жылы Астанада өтетін World Boxing әлем чемпионаты болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: