Еркін күрестен U17 әлем чемпионаты: Бақдәулет Ағабек финалға шықты

Еркін күрес, Баку, Әзірбайжан, U17, әлем чемпионаты, Бақдәулет Ағабек, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 18:30 Сурет: olympic.kz
Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 48 келіге дейінгі салмақта еркін күрес шебері Бақдәулет Ағабек жартылай финалда өзбекстандық Фаррух Махмудовты 7:3 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандық балуан финалға жолдама алып, шешуші белдесуде үндістандық Аарьянмен күш сынасады.

Айта кетейік, бүгін, 31 шілдеде, 110 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сағындық Темірғали де финалға шығу үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Омаров болмақ.

Бұған дейін Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: