Бақдәулет Ағабек күрестен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бақдәулет Ағабек күрестен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2026 09:03 Сурет: olympic.kz
Әзербайжанның Баку қаласында күрестен U17 әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Ол финалда Аарьянмен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Бақдәулет Ағабек 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, бүгін 1 тамызда Сағындық Темірғали (110 келіге дейін) қола жүлде күреседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: