Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 20:46 Сурет: UWW
Қазақстандық Дияр Аманәлі грек-рим күресінен Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың финалында Кеве Ковачты (Венгрия) жеңді. Осылайша алтын жүлдегер атанды.

Жарыс барысында Дияр Аманәлі Грекия өкілі Николаос Зинисті, Ресей балуаны Эдем Пайзиевті, Грузия спортшысы Георгий Кеделидзені және Болгария өкілі Данимир Йордановты жеңіп, чемпион атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: