U17 әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер күресінен екі медаль еншіледі

Күрес, Баку, Әзірбайжан, U17, әлем чемпионаты, Қазақстан, әйелдер , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 10:51 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Інжу Баққожа Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 46 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде ресейлік Алина Баранованы 8:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ 61 келіге дейінгі салмақта Аружан Бақытнұр қола жүлде үшін күресті. Дегенмен үндістандық Аваншикаға жол берді.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын бір күміс, бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль алған еді.

Бұған дейін еркін күрестен U17 әлем чемпионатында Бақдәулет Ағабек финалға шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: