Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды

Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 18:02 Сурет: UWW
Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен ересектер арасында халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз аталған бәсекеде сегіз медаль жеңіп алды.

Бірінші жарыс күнінде Асхаб Хаджиев 86 келіге дейінгі салмақтың финалында 2025 жылғы әлем чемпионы Захид Валенсиямен (АҚШ) кездесіп, 12:11 есебімен басым түсті. Дәл осы салмақта Рүстем Мырзағалиев үшінші орынды иеленді.

65 келіге дейінгі салмақта Өсімжан Дастанбек күміс, Әділ Оспанов қола медаль жеңіп алды. 74 келіге дейінгі салмақта Дархан Есенғали үздік үштікті түйіндеді.

Екінші жарыс күнінде Мейрамбек Қартбай (61 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Ернұр Нұрғазы (70 келіге дейін), Диас Сағдатов (79 келіге дейін) қоламен күптелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: