Конькимен жүгіруден екі ресейлік спортшы Қазақстан ұлттық құрамасына өтеді

Сурет: Instagram/lizocha_golubeva
Ресейлік спортшылар Кристина Силаева мен Елизавета Голубева конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеше Ресей конькишілер одағы жиналыс өткізіп, Кристина Силаева мен Елизавета Голубеваны Қазақстан құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді Одақтың атқарушы комитеті Қазақстанның Ұлттық коньки тебу федерациясының өтініші негізінде қабылдады, деп жазды ресми сайт.

Атқару комитеті ресейлік спортшыларға 24 айлық карантин енгізуге бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды Одақтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін 26 жастағы ресейлік конькиші Елизавета Голубева Қазақстан құрамасының сапында бақ сынауға бел буған болатын. 23 жастағы Кристина Силаева да осындай шешім қабылдады.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін