Қазақстанда 16 қарашада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 16 қарашаға арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүйсенбі, 16 қарашада синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде солтүстік-батыстың кей жерлерінде, негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын мол түседі.
Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Батыста, солтүстікте және солтүстік-батыста көктайғақ болады.
Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript