Аружан Сағандықова ересектер арасындағы алғашқы титулын жеңіп алды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Аружан Сағандықова мен Жібек Құламбаева жанкүйерлерін кезекті жеңісімен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монастирде (Тунис) ITF World Tennis Tour W15 турнирінде 18 жастағы Аружан Сағандықова ересектер арасындағы жеке турда алғашқы титулын жеңіп алды.

Финалда қазақстандық спортшы үндістандық Ваишнави Адкарды 7:6 (8:6), 6:0 есебімен ұтты.

"Бұл титулды жеңіпа алғаныма өте қуаныштымын. Есімде мәңгі қалады. Қазақстан теннис федерациясына, жаттықтырушылар құрамы мен, әрине, ата-анама маған қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді", - деді Сағандықова марапаттаудан кейін.

Ал Жібек Құламбаева литвалық теннисші Юстина Микульскитемен бірге жұптық сында Скопьедегі (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінде жеңіске жетті.

Сурет: ktf.kz

Финалда Құламбаева/Микульските жапониялық Саиго/Саиго 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Бұл - Жібектің ITF жұптық сериясындағы биылғы бесінші және карьерасындағы 24-титулы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі