Әбиба Әбужақынова: Осы қарсыласқа тап болатынымды сездім, білдім...

Сурет: видеодан алынды
ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы күміс медаль әперген дзюдошы қызымыз Әбиба Әбужақынова жеңісіне қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Негізі бұл қарсыласыммен Әлем чемпионатының ширек финалында кездескен болатынмын. Бұл жолы да осы қарсыласыма тап болатынымды сездім, білдім. Себебі барлық қарсыласыма дайын келгенмін. Алған жарақаттарымнан кейінгі бұл - менің бірінші жеңісім. Бұған қуаныштымын. Ары қарай жұмыс жасап, алтын медаль алуға әрекет жасайтын болатынмын. Париждегі Олимпиада ойындарында бүгін кеткен есемді қайтарамын деп ойламын. Маған қолдау білдіріп, менімен бірге қуанып жатқан барша Қазақстан халқына алғысымды білдіремін", - дейді өз сұқбатында Әбиба.


Айта кетсек, дзюдодан 48 келі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова финалда, яғни алтын медаль үшін таласта үш дүркін әлем чемпоны, 2018 жылғы Джакатадағы Азия ойындарының жеңімпазы жапондық Натсуми Тсунодоға жол беріп алды. Осылайша ол ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі