Бүгін Қазақстан құрамасының өкілдері үш қола медаль еншіледі.
Сурет: olympic.kz
Атап айтқанда, Никита Чирюкин (оқ ату) және дзюдошылар Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Сурет: olympic.kz
Ерлер арасындағы жағажай волейболында Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Онда да ширек финалда Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев жерлестері Нұрдос Алдаш пен Кирилл Гуринді сан соқтырды.
Әйелдер арасындағы бокста Наталья Богданова жарыстың бірінші айналымын сәтті еңсеріп, Сауд Арабиясының өкілі Рика Алнаимиді жеңді.
Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарын жеңіспен бастады. Біздің спортшылар Өзбекстаннан мықты болып шықты. Әйелдер арасындағы хоккейде Қазақстан құрамасы Таиландқа жол беріп қойды.
Академиялық ескек есуден әйелдер "төрттігі" бойынша финалдық ойындар өтті. Қазақстандық спортшылар бесінші нәтиже көрсетті.
Сурет: olympic.kz
Ксения Игнатова суға жүзуден Азия ойындарының финалына жолдама алды. Ол 50 метр қашықтықта арқамен жүзуден бақ сынайтын болады. Таеквондошылар Ботагөз Қапанова мен Елдос Ысқақ ¼ финалға дейін жетіп, өкінішке қарай, жарысты осы арадан түйіндеді.
Үлкен теннисте Қазақстан-1 әйелдер командасы Катар-2-ні айқын басымдықпен жеңді. Жекелей сында Денис Евсеев тиморлық қарсыласын ұтып кетті.
Су добынан Қазақстан әйелдер командасы алғашқы матчта 12:6 есебімен Сингапур құрамасын жеңді.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс, бір қола медаль бар болған.