Азиада-2022: 30 қыркүйекте Қазақстан спортшылары қатысатын жарыс кестесі

ҚР Туризм және спорт министрлігі Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында 30 қыркүйекте Қазақстан спортшылары қатысатын жарыс тізімін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 қыркүйек:

06.00 – триатлон, әйелдер, финал

07.00 – нысана көздеу, пневматикалық тапанша, микс, команда

07.00 – стенд ату, трап, іріктеу

07.30 – байдаркка мен каноэде есу, іріктеу

07.30 – құраш, ерлер, +90кг, әйелдер, 52кг

08.00 – ауыр атлетика, әйелдер, 49 кг

10.00 – гандбол, ерлер.

Жапония – Қазақстан.

11.00 – 3х3 баскетбол, әйелдер.

Қазақстан – Иордания

11.30 – 5х5 баскетбол, ерлер.

Қазақстан – Иран

12.00/15.00 – бокс. Күндізгі сессия.

Жайна Шекербекова, Қамшыбек Қоңқабаев

13.00 – Ватерпол, әйелдер.

Қазақстан – Жапония

13.00 – шахмат, командалық жарыстар, 2-раунд

13.55 – 3х3 баскетбол, ерлер.

Қазақстан – Филиппин

14.00 – гандбол, әйелдер.

Қазақстан – Оңтүстік Корея

17.00/20.00 – бокс, кешкі сессия.

Валентина Хальзова, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов

17.00 – волейбол, әйелдер.

Қазақстан – Ауғанстан

17.00 – киберспорт. Dota2, ширек финал

17.05 – жеңіл атлетика, сырықпен секіру, ерлер, финал

Айта кетсек, 23 қыркүйекте басталған Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады. 

30 қыркүйек таңындағы жағдай бойынша, Қазақстан медальдар кестесінде 11 орында тұр. Қоржында әзірге 26 медаль бар: 3 алтын, 4 күміс және 19 қола.

Қытай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: