Нұрқанат Әжіқанов каратэден Азия чемпионы атанды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) алтын медальді жеңіп алды.

Ол кумите бойынша финалда иорданиялық Хассан Масарвехті мерзімінен бұрын жеңді (8:0).

Бұл Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы сегізінші алтын медалі және бүгінгі үшінші бас жүлде.

Бірінші, екінші ойындарым сәл ауыр болды. Өйткені каратэ спортынан мен бастадым. Сондықтан басы жақсы болса, әрі қарай бәрі жақсы болады. Ең бастысы біріншісін жақсы бастау керек болды. Одан кейін ашылып, финалда осындай нәтиже көрсетіп жатырмын. Бұл менің ғана жеңісім емес, бұл барлық команданың жеңісі. Ұлттық федерация бапкерлері бар, бәріміздің бірігіп жасаған жұмысымыз", - деді Нұрқанат Әжіқанов.   


Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін