Азия ойындарында Қазақстан қоржынына пара атлеттер бесінші "алтынды" салды

Сурет: Instagram/nurdaulet_zhumagali
Қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали Ханчжоуда өткен Азия ойындарында пара жүзуден алтын медаль еншіледі. Бұл - біздің қос спортшымыздың осы жарыстағы бесінші алтын медалі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан спортшысы брасс әдісімен 100 метр қашықтықты 1:05:92 уақытында жүзіп өтіп, барлығынан бұрын мәреге бірінші болып жетті. 

Тура осы бағдарламада тағы бір қазақстандық спортшы Нұрәлі Советқанов қола медаль жеңіп алды. Күміс медаль Өзбекстан спортшысы Фирдаусбек Мұсабековке бұйырды.


Осылайша, екі күнде қазақстандық спортшыларының қоржынға салған медальдар саны 21-ге жетті. Атап айтқанда, бес алтын, алты күміс және 10 қола медаль. Қытайлықтар әлі де көш бастап тұр, олардың есебінде 159 медаль бар (64-51-44).

Бұған дейін Олжас Оразалиұлы Қазақстан үшін Азия ойындарындағы төртінші "алтынды" олжалаған болатын.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін