Қазақстан каратэшілері әлем чемпионатында тарихи жетістік жасады

Сурет: Instagram/drs_kz
Венгрия астанасы Будапештте өткен WKF каратэден әлем чемпионаты Қазақстанның есінде өзінің тарихи нәтижесімен қалды. Каратэшілеріміздің қоржынында түрлі номинациядағы 3 медаль бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік каратэ тарихында алғаш рет еліміз үшін ең жоғары стандартты медальді 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде теңдесі жоқ Мөлдір Жаңбырбай жеңіп алды.

Қазақстандық Қайсар Алпысбай (60 келі) алтын медаль үшін финалдық белдесуде грекиялық Кристос-Стефанос Ксеносқа есе жіберді.

Тағы бір жерлесіміз Дидар Әмірәлі (67 келі) қола жүлдесін елге алып келеді.

Осы үш медальдың арқасында Қазақстан делегациясы жалпы командалық есепте 5-орынға ие болды. Бұл - тарихи жетістік. Бұған дейін біздің каратэшілер ересектер арасындағы әлем чемпионатындf алтын алған емес.

Жақында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында жоғарыда аталған спортшылар жақсы өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Қайсар Алпысбай Азия ойындарының жеңімпазы атанса, Мөлдір Жаңбырбай күміс, Дидар Әмірәлі қола медальмен қанағаттанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады