Еуропаның ең мықты футбол клубы тағы бір ерекше жетістікке қол жеткізді

Сурет: Instagram/mancity
"Манчестер Сити" ағылшын футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы 119 ойында 250 гол соқты. Бұл көрсеткішке олар басқа еуропалық командаларға қарағанда тезірек қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Манчестер Сити" соңғы рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық турында швейцариялық "Янг Бойзды" 3:0 есебімен жеңді. Осылайша ағылшын құрамасы Еуропа клубтық чемпионаты аясында 250-ші голды рәсімдеді. Бұл көрсеткішке жету үшін оларға 119 матч өткізу қажет болды. Еуропадағы командалардың ешқайсысы мұндай нәтижемен мақтана алмайды.

"Янг Бойзды" жеңгеннен кейін Хосеп Гвардиоланың шәкірттері 12 ұпай жинап, осы маусымның Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығуға кепілдік алды. 

"Манчестер сити" топтық кезеңнің соңына дейін 2 матч өткізуі керек. Олар алдымен немістің "Лейпциг" командасымен, содан кейін сербтің "Црвена звездасымен" ойнайды.


Манчестер Сити Чемпиондар лигасының өткен маусымының финалында итальяндық Интер командасын жеңіп, өз тарихында бірінші рет осы беделді турнирде жеңіске жеткен болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін