Қазақстан – Австралия: Юлия Путинцева Кимберли Биррелді айқын басымдықпен жеңді

Сурет: ktf.kz
Севильяда (Испания) тенистен әйелдер арасында Билли Джин Кинг кубогының финалдық ойындары өтіп жатыр. Бірінші турда Қазақстан мен Австралия командалары өзара бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі күннің екінші матчы барысында Юлия Путинцева (69 WTA) Кимберли Биррелді (113 WTA) 6:0, 7:5 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Қазақстанның екінші ракеткасы Австралияға қарсы ойында есепті 1:1 етіп теңестірді. Бастапқы матчта Анна Данилина жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы Сторм Хантерден (6:7, 4:6) жеңіліп қалған еді. Сондай-ақ, бүгін, 9 қарашада жұптық сындағы кездесу өтеді: Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Сторм Хантер және Эллен Переспен ойнайтын болады. 


Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина күтпеген жерден Австралияға қарсы ойындарға қатыса алмай қалды. Нақтырақ айтқанда, ол тізімге енгізілмеген.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс