Жеңіліп көрмеген боксшы: "Қазақ патшасы" WBO Glob титулын еншіледі

Сурет: Instagram/sultanzaurbek
Қазақстандық кәсіби боксшы Сұлтан Заурбек Брайтонда өткен бокс кешінде аргентиналық Серхио Мартин Сосаны техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақ патшасы" деген лақап атпен танымал қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутқа түсірді, оған дейін аргентиналық боксшы екі рет нокдаун алды.

Осылайша, Сұлтан Заурбек кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Серхио Мартин Соса төртінші рет жеңілді. Бәске екінші жартылай салмақ дәрежесіндегі WBO Glob белбеуі тігілген болатын. 

Бұған дейін Зәуірбек WBO "еуропалық" және WBC жастар белбеуін жеңіп алған болатын. 

"Қазақ патшасы" Сұлтан Заурбектің техникалық нокауттағы тамаша жеңісі. Ол екінші жартылай салмақ дәрежесіндегі WBO Glob нұсқасы бойынша чемпион атанды", деп жазды Wasserman Boxing Instagram-дағы парақшасында.  

Бүгінгі таңда Заурбек WBA рейтингісінде алтыншы, ал IBF-те 14-орында тұр.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін