Биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
Сурет: olympic.kz
2026/2027 жылғы маусымда биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңі 26-29 қараша аралығында Финляндияның Контиолахти қаласында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдағы жарыста Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды.
Ерлер:
- Александр Мухин
- Владислав Киреев
- Әсет Дүйсенов
- Кирилл Бауэр
Әйелдер:
- Милана Генева
- Лаура Киныбаева
- Айша Ракишева
- Дарья Климина
Әлем кубогының алғашқы кезеңінде ерлер 20 шақырым, әйелдер 15 шақырым қашықтықта жекелей жарысқа қатысады. Сонымен қатар спринт, аралас эстафета және жекелей аралас эстафета сайыстары өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript