Астанада бокстан VI жазғы спартакиада басталды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Астанадағы "Beeline Arena" спорт кешенінде бокстан әр төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ерлер арасындағы Спартакиада басталды.

Байрақты бокс бәсекесінде әлем чемпиондары – Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және барлық өңірден жиналған 250-ден астам былғары қолғап шебері сынға түсіп жатыр. Жекпе-жектер олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.

Ерлер 13 салмақ (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг) дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайды. VI жазғы Спартакиаданың алғашқы жарыс күнінде 48, 54, 67, 75, 86 кг салмақтағы спортшылар 1/8 финалдың жекпе-жектерін өткізді.

Турнир барысында ел чемпионы Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), "Elorda Cup" бәсекесінің жеңімпазы Тимур Қабдеш (54 кг), жастар арасында Қазақстан чемпионы Армат Арманұлы (75 кг), Тимур Нұрсейітов (75 кг), Аманбек Қазанғапов (86 кг) сынды боксшылар жарысты сәтті бастады. Ал 75 келідегі фавориттердің бірі саналған Аятулла Тәкіжанов тартысты кездесуде жастар арасындағы Азия чемпионы Бақберген Әлиасқаровтан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгін 51, 57, 60, 71 келідегі боксшылар сынға түседі. Бокс бәсекесінің барлық жекпе-жегін "Qazsport" телеарнасы күндізгі сағат 12:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді. Финалдық жекпе-жектер 19 қарашаға жоспарланған.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін