Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық, әлемнің 197-ракеткасы Денис Евсеев Майя (Португалия) Челленджер турнирін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 159-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездесті. Алайда Денис Евсеев 6:4, 7:6, 6:3 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Еске салайық, бұған дейін Денис Евсеев осы турнирдегі бастапқы кездесуін сәтті өткізіп, әлемдік рейтингіде 403-орында тұрған грекиялық Стефанос Сакелларидисті жеңген еді.

Ол 1 сағат 37 минутқа созылған матчта 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді