Инесса Шүмекова конькимен жүгіруден әлем кубогының жеңімпазы атанды

Сурет: Instagram/committee_sport
Қазақстандық конькиші Инесса Шүмекова Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші кезеңінің чемпионы атанды, спортшы 1000 метр қашықтыққа жүгіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шүмекова алтынға қоса италиялық жарыста конькимен 500 метрге жүгіруден күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және туризм комитетінің баспасөз қызметі.

Сурет: Instagram/committee_sport

Тағы бір күміс медаль 1000 метрге жүгіруден екінші орын алған қазақстандық конькиші Арина Ильященкоға бұйырды.

Бұл жарыстарда тағы бірнеше қазақстандық конькиші де жақсы нәтиже көрсетті. Әр түрлі қашықтықта өз жас топтарында ең мықтылар қатарында Мария Кузнецова, Кристина Шумекова, Дарья Гаврилова, Алена Лифатова, Андрей Семенов және Вадим Якубовский көрінді.

2-3 желтоқсанда Италияның Коллабо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңі өтті. Жарысқа 20-дан астам елден 150-ден астам спортшы қатысты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді