Қазақстан гандбол құрамасы әлем чемпионатында Конго Республикасынан жеңілді

Сурет: pixabay
Гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Конго Республикасынан жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық гандболшылар жарыстың алғашқы сатысында G тобында сынға түсіп, Испаниядан 17:34, Бразилиядан 16:46, Украинадан 24:37 есебімен ұтылды.

Әлем чемпионатының алғашқы сатысында әрбір топта төртінші орынды місе тұтқан құрамалар енді Президент кубогында екі топқа бөлінді, деп жазды "ҚазАқпарат".

Жарыстың аталған сатысында екінші топтағы алғашқы ойында қазақстандық гандболшылар Конго Республикасына 36:37 есебімен есе жіберді.

Ойын барысында негізінен қазақстандық құрама алда тұрған еді. Ойын соңына қарай Африка құрлығынан келген гандболшылар жинақы қимылдап, жеңіске қол жеткізді.

Енді ел құрамасы 9 желтоқсанда Чили, 11 желтоқсанда Иранмен шеберлік байқасады.

Әлем чемпионаты 17 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін