Әсем Орынбай бастаған Қазақстан командасы Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Сурет: olympic.kz
Кувейтте өтіп жатқан стенд атудан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан жастар командасы "скит" жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Команда сапында Максим Почивалов, Ратмир Еникеев пен Илья Пеньков өнер көрсетті. 

"Скит" жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Илья Пеньков қола медальға қол жеткізді. 

Ал Қазақстанның әйелдер құрамасы "скиттен" командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина үштігі құрлықтағы үздіктер қатарынан көрініп отыр. 

Айта кетейік, Әл-Кувейттегі лицензиялық Азия біріншілігі 23 қаңтарға дейін жалғасады. Аталған сынға құрлықтағы 35 елден 350-ден аса спортшы бақ сынап жатыр.

Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 қола медаль бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды