Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында әлемнің 53-ракеткасымен ойнайды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшінің жартылай финалдағы қарсыласы аса тәжірибелі, кезінде дүниежүзілік рейтингіде көш бастаған, қазір 32-орында тұрған Виктория Азаренко еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өз спорттық жолында талай табысқа қол жеткізген. Соның ішінде Аустралия ашық чемпионатының екі рет, Майами жарысының үш дүркін жеңімпазы атанып үлгерген. Дегенмен Азаренко мен Рыбакина өзара үш рет кездесіп, бәрінде қазақстандық теннисші басым түскен болатын.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай алды. Сосын сетті өз пайдасына түйіндеді – 6:4.

Екіншісінде Азаренко үш брейк жасап, бет қаратпады – 6:0.

Үшінші, шешуші сетте есеп 2:2 болғанда, Рыбакина брейкпен алға шықты. Бірақ матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберді – 5:5. Дегенмен тай-брейкте өте сәтті ойнады – 7:6 (7:2).Қазақстандық теннисші ақтық сында әлемнің 53-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен сынға түседі.

Даниэль Коллинз жартылай финалда әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрованы жолдан тайдырды – 6:3, 6:2. 

Осылайша, 30 наурыз күні Рыбакина Коллинзбен кортқа шығады. Бұл олардың өзара бесінші кездесуі болмақ. Әзірше есеп – 3:1, Елена алда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді