Шавкат Рахмонов қызды болды

Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
UFC-де Қазақстан атын шығарып жүрген, мықты файтерлердің бірі Шавкат Рахмонов қызды болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бауы берік болсын" деген сүйінші хабар алдымен Sport_kar-дың Instagram-дағы парақшасында пайда болды. 

Қуанышты ақпаратты DAR PRO TEAM командасының баспасөз қызметі де растады. 

Танымал файтердің әйелі қыз баланы дүниеге әкелді, ол отбасындағы төртінші бала болды.

Шавкат Рахмонов - енді үш қыздың және бір ұл баланың әкесі. Спортшының үлкені алты жаста, екінші қызы төрт жаста, ал ұлы екі жаста екені белгілі.

Бұған дейін жартылай орта салмақта бразилиялық Гилберт Бернсті жеңгеннен кейін UFC рейтингісінде 11-орындағы австралиялық файтер Джек Делла Маддалена Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырғаны белгілі болды. 

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады