Еркін күрестен соңғы лицензиялық турнирге қай балуандар қатысады

Сурет: olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов мамыр айында Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық жарысқа кімдердің қатысатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бас бапкердің айтуынша, әлемдік лицензиялық турнирге баратын спортшылар Түркияда өткен "Яшар Догу" турнирінде анықталған. 

"Біз Азия аймақтық лицензиялық турнирі басталмай тұрып, жолдама болмаған жағдайда, соңғы іріктеуде кімдердің күресетінін белгілеп қойдық. "Яшар Догу" халықаралық турнирінің қорытындысын назарға аламыз. Қазір бізде 3 салмақта жолдама жоқ.

Сондықтан, Стамбулдағы соңғы турнирге төмендегі балуандар қатысады:

57 келі: Рахат Қалжан;

65 келі: Адлан Асқаров;

74 келі: Талғат Сырбаз.

Жолдаманы кім жеңіп алады, сол Олимпиадаға барады", - деді бас бапкер. 

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарыс 8 мамырда басталады. Ал Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Әлішер Ерғали (97 келі) мен Юсуп Батырмұрзаев, Сербиядағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков (86 келі) жолдама иеленген. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі