Көркем жүзуден Парижде өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Франция астанасы Парижде өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда құрамында Астана қаласының спортшысы Эдуард Ким өнер көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Техникалық бағдарламада қазақстандық дуэт (Эдуард Ким/Наргиза Болатова) 216.3250 балл алды.

Одан кейінгі сатыға Италия құрамасы (Филиппо Пелати/Сара Мария Ризеа) 207.5367 ұпайға ие болса, Испания құрамасы (Жорди Касирес Иглесиас/Жудиз Калво Реквена) 198.8417 балл еншіледі.

Айта кетсек, бір ай бұрын Қытайдағы алғашқы әлем кубогының кезеңінде Эдуард Ким мен Наргиза Болатова күміс жүлдегер атанған болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді