Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты

Сурет: Instagram/sokol_international_circuit
6 мамырда павлодарлық 16 жастағы автошабандоз Анатолий Кин қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен STK Sokol автодромының өкілдері Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

"Бүгін Толик Киннен айырылып қалдық. Павлодар бағытындағы тас жолда болған апат салдарынан біздің чемпионаттың ең жас әрі сөзсіз ең талантты автошабандозы қаза тапты. Толя, сен өз арманына қарай ештеңе қарайламай бағыт алдың әрі сол арманға ұмтылуға деген адалдығыңның, сондай-ақ жақындарың мен достарыңның қолдауы арқасында үлкен биіктерді бағындырып, ең мықтылардың бірі болдың. Біз сені мақтан тұтамыз, сен біздің жадымызда 16 жасар Толя болып мәңгіге қала бересің", делінген қаралы хабарда.
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды