Жазатайым оқиға: Новак Джокович қолтаңба беру кезінде басын ұстап, жерге жата қалды

Сурет: X/DjokerNole
Италияның ашық чемпионатында жеңіске жеткен теннис жұлдызы, әлемнің алғашқы ракеткасы Новак Джоковичтың басына қолтаңба беру кезінде ішінде суы бар темір бөтелке тиді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басына бөтелке тиген серб теннисшісі басын ұстап, жерге домалай кетті. 

Турнирді ұйымдастырушылар теннисшіден қолтаңба алуға тырысқан жоғарыдағы жанкүйерлердің бірінің сөмкесінен су толы алюминий бөтелке сусып түскенін айтады. Ұйымдастырушылар сөзін растау үшін желіде видео жариялады, онда бөтелкенің спортшыға қасақана лақтырылмағанын анық көруге болады.

36 жастағы ойыншы, "Үлкен дулығаның" 24 дүркін чемпионын күзетші киім ауыстыратын бөлмеге ертіп апарғанға дейін ол біраз уақыт жерде жатты. Кейінірек спортшы аталған оқиғаға қатысты Х (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

"Алаңдап, жазып жатқан хабарламаларыңыз үшін рақмет. Бұл - жазатайым оқиға, қазір мұзды басыма қойып, қонақүйде демалып жатырмын. Жексенбіде барлығыңызбен кездескенше", - деп жазды Джокович.
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды